$478.16 €534.92 ₽5.18
×

Қарағандыда халықтық штабтың 100-ге тарта жас белсендісі ақпараттық парақшалар таратуда

24.09.2024ж. 20:00
89
Қарағандыда халықтық штабтың 100-ге тарта жас белсендісі ақпараттық парақшалар таратуда

12 күннен кейін болатын Референдумға халықтың жаппай қатысуы үшін жастар белсенді жұмыс атқаруда. Қарағанды облысы халықтық штабының 100-ге тарта жас белсендісі ақпараттық парақшаларды көшелер мен қоғамдық көліктерге жапсырып жүр. Өздері де бірінші рет дауыс бермекші. Араларында 18 жасқа жаңа толғандар көп. 

АҚБОТА СЕРІКЖАН, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

“Біз “АЭС салуды қолдау жөніндегі Қарағанды облысының халықтық штаб” белсенділері белсенді түрде жұмыс халықты ақпараттандырып жатырмыз. Жалпы елдің азаматтық борышы ретінде дауыс беруге шақырамын”. 

Қызылорда облысы Сырдария аудандық Халықтық штаб өкілдері де жергілікті тұрғындармен тілдесіп, Атом электр станциясы туралы толыққанды ақпарат беруде. Айтуларынша халықтың референдумға деген көзқарасы ерекше. Белсенді жастар көшелерге ақпараттық плакаттар іліп, үйді-үйге үнпарақтар таратуда. 

АРУЖАН МҰҚАНБЕТҚАЛИ, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ БЕЛСЕНДІСІ:

Арнайы үнпарақтарды таратып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және халықты 6 қазан күні референдумға қатысуға шақырудамыз. АЭС салу бойынша тұрғындар сұрақтарын қойып, референдумды жылы қабылдайтынын айтып, жақсы қабылдауда.