$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Еліміздегі электр станцияларының 70%-ға жуығы тозған

24.09.2024ж. 20:00
372
Еліміздегі электр станцияларының 70%-ға жуығы тозған

Еліміздегі Электр станцияларының 70%-ға жуығы тозған. Энергетикалық балансты сақтау үшін Атом электр станциясын салу маңызды. Бұл туралы “AMANAT” партиясы жанындағы халықтық штабтың дөңгелек үстел отырысында айтылды. Жиында АЭС-ке қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ 6 қазанда өтетін референдумда әр азамат белсенділік танытып, өз таңдауын жасағаны маңызды екені айтылды. 

АСУАН СИЯБЕКОВ, "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ" ЖШС ИНЖЕНЕРІ:
Энергия мөлшерінің дефициті байқалады. Біз оның орнына ЖЭС салсақ болады. Қазақстанның 2060 жылға қойған Жасыл энергия мақсаттарына байланысты бізге қазір тұрақты жасыл энергия көзі керек.