$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда 35 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді

24.09.2024ж. 20:00
197
Қызылжарда 35 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді

Қызылжарда үшем дүниеге келді. 35 жастағы Юлия Ященко 2017 жылы ЭКО арқылы ұл баланы өмірге әкелген. Артынша “Аңсаған сәби” бағдарламасына тағы бір жүгінуді жөн көріпті. Кесір тілігі жоспарлы түрде жүктіліктің 35-аптасында жасалды. Дүние есігін ашқан нәрестелердің әрқайсының салмағы екі келі шамасында. Дәрігерлер олардың жағдайларын жақсы деп бағалап отыр. Айта кету керек, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында екі жарым мыңнан астам сәби дүниеге келген. Оның 34-і егіз.Ал үшем алғаш рет тіркелді.