$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада мектеп оқушылары ауруханаға түсті

Қызылордада мектеп оқушылары ауруханаға түсті

Қызылордада мектепте балалар уланып, ауруханаға түсті. Ата-аналардың айтуынша, 2 ер бала үзіліс кезінде дәлізде бұрыш болонын шашқан.  Салдарынан оқушылар толық сыртқа шығарылып, 4 балаға алғашқы көмек көрсетілген. Ал Бақыт Бектібаеваның қызы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Баланың құсып, мұрны қанап, тырыспа ұстағанын айтады. Алайда, мұғалімдері алғашында оның уланғаны туралы жақ ашпады дейді. 

БАҚЫТ БЕКТІБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Сағат 10 жарымда болған нәрсені мектептің, сыныптың жетекшісі 12:18 шамасында хабарласып, балаңыздың судогысы бар ма еді жоқ дегеннен кейін онда судорг ұстап жатыр біз скорый шақырайық деп сөйтіп қана айтып қойған. Басында балаға біз танымаймыз, жалпы ауадан уландық деген сондай қысым көрсетіліп, сондай жағдайлар болған.

Білім бөлімінің мәліметінше, мектеп директоры мен орынбасары, сынып жетекшісі қызметінен босатылған. Ал полиция басқармасы оқиғаға қатысы бар оқушылардың ата-анасына айыппұл салынғанын хабарлады. 

ЛӘЗЗАТ АХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖПҚБ ЮПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған жасөспірімнің заңды өкіліміне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-ананың тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін әкімшілік шара көріліп, айыппұл салынған. Балалардың мінез-құлықтарын қарау үшін қала әкімдігі жанындағы комиссияға құжаттар жолданады.