$479.71 €533.77 ₽5.16
×

"Еліміз көмірқышқыл газының шығарындылары бойынша әлемде алдыңғы орында", - М. Әшімбаев

24.09.2024ж. 20:00
104
"Еліміз көмірқышқыл газының шығарындылары бойынша әлемде алдыңғы орында", - М. Әшімбаев

Қазақстан жан басына шаққандағы көмірқышқыл газының шығарындылары бойынша әлемде алдыңғы орында. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Павлодар облысында өткен АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабының отырысында айтты. Шара барысында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері Ақсу, Павлодар қалаларында болып, энергетикалық корпорацияның ұжымымен, сондай-ақ, металлургия саласында еңбек ететін мамандармен кездесті. Іс-шаралар барысында АЭС салу мәселесіне қатысты референдумның маңызы мен мәні талқыланды. Палата Спикері ел болашағына ықпал ететін референдумға әр азаматтың белсенді қатысуы маңызды рөл атқаратынын айтты. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз дамыған мемлекет болуымыз үшін ғылымның, білімнің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануымыз керек. Сөйтіп заманауи бағыттарды дамытқанымыз шарт. Сондықтан, осының бәрін жүзеге асыру үшін, барлық мақсаттарымызға жету үшін, мықты мемлекет болуымыз үшін біз 6-шы қазан күні жақсылап тұрып референдумды өткізуіміз керек.