Қызыл
су былтыр да бірнеше елді мекенді әбігерге салған. Төтенше жағдайлар
министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы 44 елді мекенде 556 үйді су басып қалған.
Өткен жылы жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен 1 млрд 300 млн теңге
бөлінген. Ал қираған қора-қопсы мен мал-жанға төленетін өтемақы жергілікті
бюджеттен қаралған. Судың беті қайтқан соң, төтенше жағдай зардабын есептейтін
комиссия қайта жұмысқа кіріседі.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ