$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада үй қымбаттауы мүмкін

25.09.2024ж. 20:00
145
Астанада үй қымбаттауы мүмкін

Иә, көлікті жалға алатындар көп. Ал жаңасын сатып алатындар азайды. Өткен айда шамамен 17 мың ғана темір тұлпар өз иесін тапқан. Мамандар бұл былтырғы жылмен салыстырғанда аз екенін айтады. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында. 

Қазір көліксіз тірлігің өнбейді. Жүріс-тұрысыңның барлығы төрт дөңгелекті техникаға байланған. Бірақ көпшіліктің жаңа машина мінуге қалтасы көтермегендіктен бе, әлде сапасына сынмен қарағаннан ба, әйтеуір мінілмеген автокөліктер өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1 пайызға аз сатылды. Тамыз айының өзінде 17 мың 800 техника саудаланған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 процент аз. Айта кетейік, қазіргі таңда сұранысқа ие 10 модельдің тоғызы елімізде шығарылған. Жалпы сатылымның көшін Hyuindai маркасы бастап тұр. 1 айда 4 мыңнан астамы сатылған. Екінші орында 2400 данамен Chevrolet бренді, ал үздік үштікке КІА көлігі кірді. 1600-ден астам темір тұлпарды иесіне табыстапты.

Елімізде 14 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр. Мигранттардың көбі негізінен көрші елдерден келеді. Мысалы, Аспан асты елінен 3267 адам, Өзбекстаннан 2080 адам келген. Сондай-ақ Түркиялық 946, Үндістандық 885 адам біздің елде екі қолға бір күрек тапқан. Шеттен келгендердің дені құрылыс саласында жұмыс істейді. Олардың саны 4900-ден асады. Ауыл, орман, балық шаруашылығында 1870 адам, Әкімшілік және көмекші қызметте 1500, тау-кен өнеркәсібінде 1360, өңдеу өнеркісібінде 1337 адам қызмет етуде.

14 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр

Қытайдан 3267

Өзбекстаннан 2080

Түркиядан 946

Үндістаннан 885

Құрылыс 4900

Ауыл,орман және балық шаруашылығы 1870

Әкімшілік және көмекші қызмет 1500

Тау-кен өнеркәсібі 1360

Өңдеу өнеркәсібі 1337

Елордада баспана бағасы қымбаттауы мүмкін. Себебі соңғы екі жылда шаһардағы құрылыс нысандарының саны екі есе азайған. 2022 жылы 1300 объекттің құрылысы басталса, былтыр бұл 800-ге қысқарған. Ал биыл 630 нысанның құрылысы басталады. Бұған -саладағы құжаттардың толығымен цифрландыру жүйесіне көшуі себеп. Жауапты ведомства алдағы уақытта бұл тағы азаюы мүмкін екенін айтты.

Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар 476 теңгеден саудалануда. Еуро 533, ал Ресей рублі 5 теңге 15 тиын болды.

Доллар 476 теңге

Еуро 533 теңге

Рубль 5,15 теңге