$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандық мамандар эпилепсияны музыкамен, қазы-қартамен емдеп жүр

25.09.2024ж. 20:00
249
Қазақстандық мамандар эпилепсияны музыкамен, қазы-қартамен емдеп жүр

Қазақстандық мамандар эпилепсияны музыкамен, қазы-қартамен емдеп жүр. Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері тың тәжірибелерімен бөлісті. Неврологиялық ауруларды емдеу және оңалтудағы мультидисциплинарлық тәсілдер талқыға түскен халықаралық конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық ғалым қатысты. Отандық сарапшылар аталған салада инновациялық әдістерді кеңінен қолдануда. Солардың бірі – кетодиета болса, екіншісі музыкотерапия. "Осының арқасында емделушілердің психо-эмоционалды күйі жақсарып, аспапта ойнау арқылы кіші моторикасы дамиды",- дейді мамандар. 

АҚНИЕТ АЛТЫНБЕК, ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МУЗЫКОТЕРАПЕВІ:

Бала кезімде өзім осы балаларды оңалту орталығында ем алған болатынмын. Алғаш кәсіби музыкалық білімімді қазір өзім сияқты музыкотерапевт мамандардан алған болатынмын. Музыка – ерекше тіл. Ол тіл тікелей жүрегімізге, эмоциямызға келеді. Біздің жұмыс барысында бірнеше терапия түрі бар. Рецептивті терапия, инструменталды терапия, вокалды терапия.

ЖАННА МЕДЕТБЕКОВА, ҰЛТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ НЕЙРОФИЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ СУРДОЛОГИЯ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Медициналық қызмет көрсету тек қана дәрігерлер мен медбикелерден тұрмайды. Әртүрлі саланың мамандары мұнда, мысалы, әлеуметтік саладан педагогтар бұл жерге араласады. Себебі өмірге бейімдеу керек баланы.