Атыраулық бойжеткен Батумидегі саябақта бамбук ағашына сүйіктісінің, өзінің және қаланың атын ойып жазған. Әлеуметтік желіде мұны жұрт қызу талқылап жатыр. Өкініштісі, вандалдарға тыйым болмай тұр. Жыл басынан бері бір Астананың өзінде 270 вандалдық әрекет тіркелген.
АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Жаным маған тосын сый жасауын қоймайды ғой. Мен қалай қуантсам екен. Есімін үлкен қылып жазып, әдемі сурет салайыншы. Тоқта. Бұл тарихтан сыр шертіп тұрған ескерткіш емес пе? Өз бетімізді бүлдірмейміз ғой. Осылай сызып тастасаң елге қарай алмайсың? Ал тарихи тұлғаларға ешкім дақ түсіруге, көрікті жерлерді бүлдіруге құқығы жоқ.
Тұрғындарды да қаладағы қисынсыз суреттер мен жазбалар мезі еткен.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Любой үйдін фасады, организациялардың болсын фасадын құртқан кімге ұнайды. Кімге ұнайды ол? Ешкімге де ұнамайды.
- Көшеде адам секілді жүре алмайсың адамға керек емес мән мағынасыз жазу өте көп. Не то что қала тарихи ескерткіштерге сағыздарын жабыстырып құртып жатыр.
Көшелердегі жазу бұлай тұрсын,археологиялық жұмыстар кезінде жасөспірімдер қазып алынған сүйектерді бүлдіріп сындырған. Сондай-ақ таңбалы тастардағы петроглифтік жазбаларды бүлдіретіндер де аз емес.
АЛТЫНБЕК ҚҰМЫРЗАҚ, «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Вандализмге ұшыраған ескерткіштер нысаны елімізде өте көп. Сол арқылы тастағы әрбір жазуларды өшіріп аламыз немесе жаңағы қиратып аламыз. Ол жерге реставрация үшін қанша қаражат кеткенін де білмейді. Сондықтан оның бәрі айналып келгенде халықтың белгілі салығының арқасында жөнге келеді. Сондықтан біздің сіздің ақшаңыздың арқасында жөнге келді.
Мамандардың айтуынша, бұзақылыққа баратындардың дені 18 бен 25 аралығындағы жастар. Елімізде апта сайын рейд жүргізеледі. Бірақ, сонда да вандалдарға тыйым болмай тұр.
АСҚАР ПАПЫШЕВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:
Вандализммен көбінесе түнгі уақыттарда жасөспірім балалар жаңағы лифттердің ішін қиратып кетеді, дәрет сындырып кетеді. Музейлерге барып ғимаратты сындырып алтын деп ойлап ломбардқа өткіземін деп ұсталып жатады. Соңғысы өзімнің жұмысымда чаттарды бірге отырамыз азаматтар маған шағым жасады. Үлкен ер азамат лифтті сындырып жатқан. Спирттік ішімдік ішкені белгілі болды.
Егер адам табиғи кешендерді, мемлекет қорғауға алған нысандарды, тарихи, ғылыми, көркемдік, мәдени құндылығы бар заттарды және құжаттарды қасақана жойса немесе бүлдірсе ғана қылмыстық іс қозғалады. 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.