Астанада бейбіт атомды пайдалану тақырыбына арналған ашық пікірталас өтті. Шараны ұйымдастырған «Қазақстан атом электр станциялары» серіктестігі мен «Жастар рухы» жастар қанаты. Жиында елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атом энергетикасының рөлі мен қауіпсіздік стандарттары талқыланды. Сарапшылар ядролық технологиядағы соңғы жетістіктерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Ал ғылыми қауымдастық өкілдері ядролық физика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.
АСУАН СИЯБЕКОВ, «ҚАЗАҚСТАН АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ:
Атом электр стансасының жобасы – елімізге энергия өндіру мақсатында, елімізге инвестиция тарту мақсатында жасалып жатқан үлкен жобалардың бірі. Елімізде егер де енді осы күнге дейін генерациялық жабдықтардың тозу деңгейі жоғары екенін. Одан бөлек адам санының өсуіне байланысты 30-35 жылы энергетиктердің пайымдауынша, энергетиканың жетіспеу тұжырымдамасы бар.