Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Нұротандықтар соғыс ардагерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады

AstanaTV
17.04.2017ж. 20:00
3083
Нұротандықтар соғыс ардагерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады

Өскеменде  «Нұр Отан» партиясының белсенділері соғыс ардагерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады. Шаһарда аға буынды құрметтеуді мұрат тұтқан «Ардагерлерді ардақтайық» атты республикалық жоба бастау алды. 9 мамырға дейін бастауыш партия ұйымы өкілдері ардагерлердің үйлеріне барып, оларды мазалаған мәселелерін шешуге  атсалыспақ.

Анна Пионенко тамызда 93 жасқа толады. Ол Ленинград шайқасы мен үшінші Беларусь майданына  қатысқан ол майдан даласындағы жауынгерлерге қажетті заттарды қалай жеткізгенін есіне алды. Соғыстан соң зейнет жасына дейін локомотив депосында еңбек етті.

Бүгінде Өскеменде тұратын  ұзын саны 130 қарт майдангер «Нұр Отан» партиясының қамқорлығында. Партия өкілдері ардагерлердің отын-суы мен ем-домына қол ұшын созып келеді. 


Майраш Екібасова, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Басты мақсатымыз  - ардагерледі қуанту. Мәселен, бүгін бір қарияның көзіне ота жасау қажеттігі туып тұрған екен, біз көз дәрігерлерімен кеңесетін боламыз. Анна Ивановна - өте ақкөңіл адам. Егер көзі мазаламаса, бақша егер едім, деп отыр. Біз қарт кісінің мәселесін шешуге міндетті түрде көмектесеміз.