$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Отбасы банк арқылы үй алып берем деп тұрғындарды 55 млн теңгеге алдап кеткен

AstanaTV
25.09.2024ж. 22:37
348
Отбасы банк арқылы үй алып берем деп тұрғындарды 55 млн теңгеге алдап кеткен

Қала тұрғыны өзін банк қызметкерімін деп таныстырып «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үйсатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мысалы, құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған.

Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған.

Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшіншот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін хабарлаған.

Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.