$494.87 €520.65 ₽4.91
×

25 мың доллар: Әйел 13 жастағы қызын үйге айырбастамақ болған

AstanaTV
25.09.2024ж. 23:03
307
25 мың доллар: Әйел 13 жастағы қызын үйге айырбастамақ болған

Өзбекстанда 13 жастағы қызын үйге айырбастамақ болған әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Uznews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымының мәліметінше, 41 жастағы әйел Қашқадария облысынан Самарқанд қаласына қызын сату үшін келген.

Мейрамханада ұсталған соң күдікті әйел қызын құны 25 мың доллар тұратын үйге айырбастамақ болғанын мойындапты. 

Әйел жеке баспанасы болмағаны үшін осындай қадамға барғанын айтқан.

Безбүйрек ана "адам саудасы" бабы бойынша сотталды. Сот әйелді кінәлі деп танып, бес жыл екі айға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарған.

Әйелдің балалары мемлекет қорғауына алынған.