$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2% құрады

AstanaTV
26.09.2024ж. 13:53
290
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2% құрады

2024 жылғы II тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың саны 3,6 млн адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% өскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жастардың 46%-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, 48% - техникалық кәсіптік білімі бар.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жастардың ең көп саны келесі салаларда еңбектенеді: көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу (643 мың адам), білім беру (438 мың адам) және өнеркәсіп (416 мың адам).

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,2% (2023 ж. ІІ тоқсан – 3,6%).

Жұмыспен қамтылған жастардың жас құрамын қарастыратын болсақ, 2023 жыл қорытындысы бойынша негізгі үлес (50,4%) 29-34 жас тобы аралығындағыларға келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұзартылды.