Астанада АЭС салу бойынша референдумда 464 учаске жұмыс істейді. Онда 900 мыңнан астам тұрғын дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қатысуымен өткен семинар-кеңесте айтылды. 40 мың адам дауыс беруге алғаш рет қатысады. 21 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат үшін 66 инвотакси жұмыс істейді. Егер сұраныс артқан жағдайда тағы жүз арнайы көлік қосу жоспарланған. Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясының мүшелері еліміздің 15 өңірінде болып, саяси науқанға дайындық барысын көрді. Қалған аймақтарда сапарлар жалғасып жатыр. Саяси науқанға байланысты учаскелік комиссия мүшелерін оқыту жұмысы да қолға алынған. Ол 3 қазанда аяқталады.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Үлкен шаруа біз үшін ол осы 70 мыңнан астам учаскелік комиссиялардың мүшелерін оқытып шығу керек болды. Оның ішінде 12 мыңнан астамы осы мәслихаттардың шешімдерімен осы желтоқсан айында сайланған болатын. 70мың адамның ішінен.