$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Республикалық халықтық штаб мүшелері ақтөбеліктермен кездесті

26.09.2024ж. 20:00
546
Республикалық халықтық штаб мүшелері ақтөбеліктермен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері ақтөбеліктермен кездесті. Жиында атом электр стансасын салудың тиімді тұстары мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Қазір еліміз электр энергиясын шетелден сатып алып отыр. Ақтөбе облысының өзіне қажетті энергияның жартысына жуығы Ресейден жеткізіледі. Сондықтан ғалымдар энергетикалық тәуелсіздікке жету үшін атом электр станциясын салудың маңызы зор дейді. Ал күн сәулесі мен желмен жұмыс істейтін жаңартылған электр стансаларының елміздегі үлесі тек- 6 пайыз. Оның өзі табиғатқа тәуелді. 

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жаңартылған энергия көзі ол тұрақты генерацияға жатпайды. Яғни, күнге байланысты, желге байланысты, боранға байланысты. Сондай табиғатқа байланысты. Осыған бір дәлел ретіңде айтқым келеді. Мысалы Біріккен Араб Әмірлігі Эмираты оларды 365 күн шуақты күндер болады екен бір жылда. Неге олар АЭС салды. Оларда жел де, су да, күн де бар. Өйткені олсыз болмайды. АЭС тұрақты энергия беретін электр станциясы.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жалпы Әлемдегі уранның қырық пайызы біздің елге тиесілі қазіргі таңда уранның дайын өнімдерін әлемнің дамыған елдері сатып алып отыр. Елімізде төрт жоғарғы оқу орны атом саласының мамандарын даярлайды және ғылыми зерттеу базасы да бар. Сондықтан да біздер қауіпсіздік мәселелері бойынша айтып жатыр. Бұны МАГАТЭ халықаралық ұйымы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес реттейтін болады.