$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Алматы облысында зейнеткер әйелді өлтіруге тапсырыс берген ер адам ұсталды

26.09.2024ж. 20:00
70
Алматы облысында зейнеткер әйелді өлтіруге тапсырыс берген ер адам ұсталды

Алматы облысында зейнеткерді өлтіртпекші болған күдікті ұсталды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше 51 жастағы тұрғын пәтерді иемдену үшін әйелді өлтіруге тапсырыс берген. Бұл арам ойды жүзеге асыруы үшін сыйақыға 10 миллион теңге ұсынған. Алайда облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына күдіктіге қатысты жедел ақпарат түсіп, кейуананы өлтіру жоспары іске аспады. Күдікті қамауға алынып, тиісті тергеулер жүргізіліп жатыр. 

ЕРНАР САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Тапсырыспен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Және барлық керекті әрекеттері жүргізілуде.Қылмыстың себебі 2011жылы жасалған пәтерді сатып алу мәмлесіне байланысты. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.