$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда 30-ға тарта ерікті 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақты тазартты

26.09.2024ж. 20:00
224
Алматыда 30-ға  тарта ерікті 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақты тазартты

Бүгін 30-ға тарта алматылық ерікті 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақты түрлі қоқыстан, қураған жапырақтан тазартты. «Таза бейсенбі» шарасы мегаполисте осымен 17-ші рет өткізіліп отыр. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталғалы 23 учаскеде тазалау жұмыстары жүргізілген. 28,4 тоннадан астам қоқыс шығарылды. «Едәуір прогресс бар. Қазір жастар қоқысты оңды-солды шашпайды» - деп атап өтті белсенділер. 

БЕКЕМБАЙ САХИ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Еліміздегі жастарымыздың ойы, қалпы да яғни қазіргі таңда вандализмге қарсы күресте осы орайда барлығы жақсы жағынан алып келе жатыр деп ойлаймын. Алматы қаласы жастар қаласы болғандықтан ұлт санасына оң әсерін беріп жатыр деп ойлаймын. Себебі, неге десеңіздер қазіргі таңда жастарымыздың өзі көшеде жүргенде де, әр аймақта жүргенде де өздерінің достарына да, барша адамдарға ескерту жүргізуде.