$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сириядағы Фауар базасына барды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сириядағы Фауар базасына барды

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық бітімгерлік контингент орналасқан Фауар базасына барды. Бітімгерлер биыл 6 айда шекара маңындағы аудандарға 168 патрульдеу жүргізген. Сондай-ақ 13 рет жарылмаған оқ-дәрілерді залалсыздарған. Миссия қолбасшысының орынбасары Амитабх Джа қазақстандық бітімгерлердің кәсібилігіне жоғары баға берді. Тәртіп сақтауда басқа бөлімшелерге үлгі болатынын атап өтті. Министр орынбасары сондай-ақ техникалар мен қару-жарақтың жарамдылығын, құрал-жабдықтардың жай-күйін тексерді. Тұрғын үйлер мен асхананың да жағдайымен танысты. Айта кетейік, мұнда 139 әскери қызметші БҰҰ мандатына сәйкес атысты тоқтату режиміне қолдау жөніндегі міндеттерді орындайды. 

АЗАМАТ СИСАТОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Миссия аумағында аталған миссия қолбасшылығымен кездесулер өткізіліп, Қазақстан бітімгерлерінің күнделікті қызмет атқару жағдайларымен таныстырылды. Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы ахуалға қарамастан, Қазақстан бітімгерлері өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсетуде және күнделікті қызметтік тапсырмаларын жоспарлы түрде атқаруда.