$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда мұғалімді өлтірген күдікті 12 жылға сотталды

26.09.2024ж. 20:00
273
Оралда мұғалімді өлтірген күдікті 12 жылға сотталды

Оралда мектеп мұғалімін өлтірген күдікті 12 жылға сотталды. Ал марқұмның туыстары мұнымен келіспейтінін айтып, берілген жазаның жеңіл екенін айтады. Сот кезінде айыпталушы мен марқұм әйелдің төрт жылдан бері таныс екені мәлім болды. Ол мұғалімнің компьютерін жөндеу үшін үйіне келген. Бірақ екеуі сөзге келіп, ер адам қорғансыз әйелді буындырып өлтіріпті. Бұл аздай бірнеше рет пышақтаған. Сосын қылмысын жасыру үшін марқұмның алтын бұйымдары мен бағалы заттарын олжалапты. Тергеу кезінде айыпталушының үйінен қару-жарақ пен оқ табылған. 

АСЫЛАНБЕК ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, БҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот Темір Сәрсеновты жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танып, 12 жылға үкім кесті. Қылмыстық істі тергеу кезінде табылған айғақ заттар жойылсын. Айыпталушыға адам өлтіруден бөлек, ұрлық жасағаны және қару-жарақты заңсыз сақтағаны үшін айып тағылып, кінәсі дәлелденді.