$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда 2 жасар бала қан қысымын төмендетуге арналған дәріні ішіп қойған

26.09.2024ж. 20:00
252
Павлодарда 2 жасар бала  қан қысымын төмендетуге арналған дәріні ішіп қойған

Павлодарда 2 жасар бала қан қысымын төмендетуге арналған дәріні ішіп қойған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Содан кейін реаниматологтың сүйемелдеуімен науқас шұғыл түрде облыстық Балалар ауруханасына ауыстырылған. Қазір бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, күніне орта есеппен уланған 3-4 бала келеді. Жыл басынан бері 188 бала медициналық көмекке жүгінген.