$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада алаяқ аула сыпырушының атына заңсыз несие рәсімдеген

26.09.2024ж. 20:00
273
Астанада алаяқ аула сыпырушының атына заңсыз несие рәсімдеген

Астанада алаяқ аула сыпырушының атына заңсыз несие рәсімдеген. Күдікті жәбірленушінің жанына жақындап, сеніміне кірген. Әңгіме барысында "көмегін" ұсынып, несие тарихын жақсарта аламын деп телефонын сұрапты. Құрылғыға қол жеткізген соң, алаяқ ер адамның атына несие рәсімдеп, содан кейін телефонды қайтарып беріп, өзі кетіп қалыпты. Қала тұрғыны несие рәсімдегенін оны төлеу қажеттілігі туралы хабарлама алған кезде ғана білген. Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция 34 жастағы ер адамды анықтады. Ол бұған дейін де осыған ұқсас алаяқтық фактілері бойынша жауапкершілікке тартылған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.