$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жедел жәрдем қызметі 10 минуттың ішінде келуі тиіс

26.09.2024ж. 20:00
398
Жедел жәрдем қызметі 10 минуттың ішінде келуі тиіс

Жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндер көбейген. Астананың өзінде «103» байланыс желісіне тәулік сайын кемінде 3 мың қоңырау түседі. Осы аралықта 100 медициналық бригада қызмет көрсетеді. Бірақ тұрғындар тарапынан сонда да сын көп. Неге? Әріптесім Аружан Задабек осы сауалға жауап іздеп қалалық жедел жәрдем стансасына барды. Қазір тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Аружан, қайырлы кеш! 

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қайырлы кеш, Әмина! Иә, дәл қазір қалалық жедел жәрдем станциясындамын. Мойындайыншы, осыған дейін медицина мамандары неге жедел жете қоймайды екен деп сынайтындардың бірі мен едім. Бірақ мұнда келіп, осы жердің атмосферасын сезініп, жұмыстың, расымен, оңай емес екенін ұқтым. Қарбалас... Әдетте, басымыз ауырып, балтыр сыздай қалса бірден «103» нөмірін теріп, дәрігердің келуін күтеміз. Кейде уақытында, кейде кеш келеді. Тұрғындар тарапынан алғыс та, шағым да бар.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Шақырған кезде келеді, көңіліміз толады жедел жәрдемге. Осыдан 17 күн бұрын шақырдық тез келді. 10 минутқа жетпей келді
- 10-15 минут шамасында келеді.
- Мен үнемі шақырамын кішкентай балаларым бар, бір 7-10 минутта келіп жатады. Қатты ұзағаны бір 30 минутқа баратын шығар енді

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Тұрғындардың пікірі осы. Оларды ашуландырған тағы бір мәселе бар. Енді науқастың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп болмаса, жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпейді. Яғни төртінші санаттағы шақыртуларға бармауы мүмкін.

Қаулы 8-ші қазанға дейін "Ашық" талқылауға түседі. Төртінші санатқа созылмалы ауруы бар, бұрыннан тіркеуде тұрған науқастар жатады. Оларға жедел жәрдем дүйсенбі мен жұма күндері сағат таңғы сегізден кешкі алтыға дейін, ал сенбі күні түскі 12-ге дейін шақырту қабылдап, көмек көрсетеді. Әрі 60-120 минут ішінде баруы міндеттеледі. Ал жексенбі жедел жәрдем бармайды.

Бота ханым, кешеден бері осы ақпарат желіде қызу талқыланып жатыр. Халық наразы. Өйткені олар түсінбей жатыр. Қате ақпарат таратқандар да бар. Өзіңіз толықтырып айтып беріңізші.

БОТА САДЕТХАН, «ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Түсінікті. Жедел жәрдем қызметі уақыт таңдайтын мамандық емес. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда да, мереке тойлап, демалғанда да жұмыс істейтін мамандардың бірі - сіздер. Мәселен, дәл қазір бізді көрермендер кешкі шайларын алып, отбасының жанында бізді тамашалап отырса, сіздер әлі жұмыстасыздар. Қиын емес па?

БОТА САДЕТХАН, «ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: