$478.54 €533.76 ₽5.17
×

Жетісу облысындағы тасжолда көлік аударылып, екі адам көз жұмды

AstanaTV
26.09.2024ж. 21:26
142
Жетісу облысындағы тасжолда көлік аударылып, екі адам көз жұмды

Жетісу облысында жол апаты болды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жетісу облысы ПД мәліметінше, Алматы-Өскемен тасжолымен жүріп бара жатқан Toyota Estimа көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, салдарынан көлік аударылып кеткен. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамыз. Құрметті жүргізушілер, сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", – делінген хабарламада.