$478.54 €533.76 ₽5.17
×

Астанада екі автобустың қозғалыс бағдары өзгереді

AstanaTV
26.09.2024ж. 23:03
122
Астанада екі автобустың қозғалыс бағдары өзгереді

Сенбіден бастап Астанада екі автобустың бағдары өзгереді, – деп хабарлады CTS компаниясы.

Осы сенбі, 28 қыркүйектен №18 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді. Енді бағдар Достық, Сауран, Орынбор көшелеріне бұрылмай, Мәңгілік ел даңғылымен тура жүреді.

Бағдардың сызбасы түзулікті арттыру, техникалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында өзгертіледі. Бұл бағдардың жүру қашықтығын 4,2 шақырымға қысқартуға ықпал етеді. 

Сондай-ақ 28 қыркүйектен бастап № 81 бағдардың қозғалыс сызбасы екі бағытта да Қарасай көшесі арқылы жүретін болып өзгереді. «Орда» базары бағытында бағдар Конституция көшесімен жүрмей, К.Байсейітова көшесінен Қарталы, Қарасай көшелеріне бұрылып жүреді.

Бағдарлардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.