$478.54 €533.76 ₽5.17
×

“Оскарға“ қазақстандық қай фильм ұсынылғаны белгілі болды

AstanaTV
27.09.2024ж. 00:09
94
“Оскарға“ қазақстандық қай фильм ұсынылғаны белгілі болды

"Бауырына салу" фильмі "Оскарға" ұсынылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Режиссер Асхат Кучинчирековтің "Бауырына салу" фильмі жақында "Тұлпар" ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне International Feature Film номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр.

Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. International Feature Film санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі.