$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өскеменде балабақша есепшісі 16 млн теңге жымқырған

AstanaTV
27.09.2024ж. 16:07
374
Өскеменде балабақша есепшісі 16 млн теңге жымқырған

Өскемен қаласында 16 млн теңге жымқырған балабақша есепшісіне қатысты сот үкімі шықты.

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік «Жемчужинка» балабақшасында есепші болып жұмыс істеген айыпталушы бірнеше жыл бойы ақша жымқырып келген.

«2020 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қазан айлары аралығында әйел адам қызмет бабын пайдаланып, жұмыс берушінің 15 988 396 теңгесін қалтаға басқан. Сот барысында ол өз кінәсін мойындамай, келтірілген материалдық залалды өтеуден бас тартты. Сот шешімімен сотталушы кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - делінген ақпаратта.

Әйел адамның кәмелеттік жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.