2050 жылға қарай әлем халқы 10 миллионға жуықтауы мүмкін. Бұл тұста экологиялық ахуал ақсап, энергия тапшылығы артады. Қазір ғалымдар зияны жоқ, таза қуат көзін өндіру керек деп отыр. Энергияға қатысты алдағы 15 жылда қабылданатын шешімдер мәселенің түбегейлі шешілуіне сеп болуы мүмкін.
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
2050жылға қарай бүкіл әлем халқының 80пайызы қалада өмір сүретін болады. Ал бұл дегеніміз экологиялық апатқа алып келуі мүмкін дейді ғалымдар. Сол үшін дүйім жұрт жасыл энергияға көшуді көздеп отыр.
Жылу электр станцияларынан шығатын улы газдар ауаны ластап жатыр. Тіпті жаһандық жылынуға да метанды газдердің әсері бар дейді ғалымдар. Сол үшін қазір бүкіл әлем желден энергия алуға бетбұрыс жасады.
НҰРСҰЛТАН ЕРҚОДЖАЕВ, "ЖАҢА ЭНЕРГИЯ" МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Жел энергиясын әртүрлі генераторлар арқылы аламыз. Қазір көптеген елдер өздерінің генераторларын шығаруда. Олардың пішіндері де, жұмыс істеу принциптері де әртүрлі. Және Қазақстанда жасалған инновациялар бар. Олардың лопстары қисайып тұрады. Кәдімгі генераторларға қарағанда олар екі есе көп электр қуатын өндіре алады.
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Болашақта осындай ұшақтармен әлемді аралауымыз әбден мүмкін. Мұны Швейцариялық өнертапқышьар ойлап тапқан. Толықтай күннен энергия алады. Өздеріңіз байқағандай мына көлік сәуледен қуат жинайтын панельдермен жабдықталған. Қазір көпшілік осындай тоқпен жүретін машиналарға ауысып жатыр. Себебі, жанармаймен жүйіткитін теміртұлпарлардың қоршаған ортаға тигізер зияны көп.
АҚНҰР ҚАЙРАТОВА, "ЖАҢА ЭНЕРГИЯ" МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Менің ойымша жасыл энергияның болашағы үлкен. Оның ішінде күн энергиясын айтсақ болады. Үлкен брендтар өздерінің күртешелерін шығаруда. Олар арқылы серуен кезінде гажет, қолсағаттарды қуаттауға болады. Одан бөлек үйлерде қолданылатын плиткалар күннен энергия алады. Олар шатырға қойылады да, энергия жинап, үйді толығымен қамтамасыз етуге энергия өндіреді. Күнделікті көріп жүрген прожекторлар, қаламызды жарықтандыруға көмегін тигізеді. Солардың барлығы күн энергиясынан қуатын алады.
СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Қазір бүкіл әлем тіршілік нәрінен энергия өндіруді жолға қойған. Мына алдымызда тұрған гидрокибернетикалық турбина деп аталатын қондырғы. Судың астына қойылады. Осы арқылы тиімді әрі арзан жолмен қуат көзін өндіруге болады. Жалпы жасыл энергияның адамзат баласы үшін берері көп. Бастысы тиімді пайдалана білген дұрыс.