$479.23 €534.96 ₽5.16
×

150-ден астам ақтөбелік жас қаладағы мәдени, тарихи ескерткіштер маңын тазалады

27.09.2024ж. 20:00
68
150-ден астам ақтөбелік жас қаладағы мәдени, тарихи ескерткіштер маңын тазалады

Ақтөбеде студент жастар «Таза Қазақстан» республикалық акциясына үн қосып, қаладағы мәдени, тарихи есткеркіштер маңын тазалады. Жастар тұрғындар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыруға ұмтылуда. Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші айналасында және «Теңге» саябағындағы тазалық жұмыстарына жоғарғы оқу орындарының және колледж студенттері жұмылдырылған. Жүз елудей жас ескерткішті тазартып, маңындағы күл-қоқысты жинады. Ағаштарды әктеді. Жалпы өңірде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 62 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. 

АҚБАЯН БӨПЕЖАН, «ЖАС САҚШЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Акцияның мақсаты -мәдени тарихи орындарымызды сақтауға жастарымызды насихаттау және қаламыздың экологиялық проблемаларына назар аударту. Мәдени орындарымызды сақтау, тазалық жасау, қаламызды таза ұстау біздің борышымыз деп есептейміз. Себебі бұл өткенмен бізді байланыстырып, болашақ ұрпаққа мұра ретіңде қалады.