$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Әлем жойылып кетуі мүмкін», - ғалым

27.09.2024ж. 20:00
329
«Әлем жойылып кетуі мүмкін», - ғалым

Жапонияда 88 жастағы ер адам 56 жылын түрмеде өткізген. Қария – абақтыда ең ұзақ отырған адам. Оған «1966 жылы тұтас бір отбасыны өлтірді» деген айып тағылған. Өткен тәулікте сот Ивао Хакамаданы ақтап шығарды. Өйткені бұл жалған болып шықты. Осы және өзге де жаңалықтарды «Жер-жаһан» айдарында. 

АҚШ пен Жапонияда өлім жазасы әлі де қолданылады. Күншығыс елінде бұл дарға асу арқылы орындалады. Сотталғандарға үкімді орындау туралы бірнеше сағат бұрын ғана хабарлайды. Жапониялық Ивао Хакама да осы сәтті ең ұзақ күткен жазаланушы. Қария өлетін күнін ойлай-ойлай психикалық ауруға шалдыққан. 88 жасқа келгенде оны сот жазықсыз деп танып, бостандыққа жіберді. 

КИНЗО ТЕРАО, АУДАРМАШЫ:

Олар қанша рет сотқа шағымданған. Оған тағылған, айтыптың жалған екенін дәлелдегісі келді. Ивао Хакамаданы бастығын, оның әйелі мен екі баласын өлтірді депе өлім жазасына кеспек болды.

Ақбөкендерді құтқару жөніндегі қазақстандық жоба ханзада Уильямның халықаралық сыйлығына қатысады. Бұл ақпарат ханзаданың Instagram парақшасында жарияланды. Бейнежазбада 15 финалист көрсетілген. Олардың арасында Altyn Dala қазақстандық табиғатты қорғау жобасы бар.

Ғалымдар алғаш рет Жерге өте ұқсас планета тапты. Ол Жерден 25 мың қашықта орналасқан дейді. Бұның қауіпті не қауіпсіз екенін дөп басып айту қиын. Бірі осыдан кейін тіршілік толығымен жойылуы мүмкін десе, енді бірі керісінше, пайдасы көп екінін айтады. 

ДЖЕССИКА ЛУ, БЕРКЛИДЕГІ КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ:

Біз Жердегі тіршілік Күннің қызыл алыпқа айналуынан аман қалу-қалмауын әлі білмейміз, бірақ енді планетаны эволюцияның осы кезеңінде жұлдыз жұтып қоймайтынына сенімдіміз. Біз ашқан планеталар жүйесі – Жерге өте ұқсас ғаламшардың өз жұлдызы қызыл алыпқа айналуынан аман қалғанының айқын мысалы.

Өзге де жаңалықтар. Еуропа елдерінде дәрі қоры азайды. Францияда басы аурып, балтыры сыздағандар өзіне қажетті дәрі-дәрмек таппай, сенделіп жүр. Тапшылық Францияда ғана емес, Германияда да сезіледі. Әсіресе кейінгі 10 жылда қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер, жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы, сондай-ақ көзге тамызатын сұйық дәрілерге сұраныс күрт артқан.