$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Алдағы 20-25 жылда атом генерациясы 2,5 есе артады", - сарапшы

27.09.2024ж. 20:00
325
"Алдағы 20-25 жылда атом генерациясы 2,5 есе артады", - сарапшы

Алдағы 20-25 жылда атом генерациясы 2,5 есе артады. Бұл туралы New Nuclear Watch Institute Орталық Азия Қазақстан консультативтік кеңесінің төрағасы Бауыржан Ибраев айтты. Қазақстандағы британдық ядролық институт филиалы мамандарының бастамасымен атом энергиясы саласындағы сарапшылар Астанада бас қосты. Олардың айтуларынша, биыл Орталық Азиядағы бірқатар мемлекет атом генерациясын іске қосу жайында келісімшарттарға қол қойған. Мәселен, көршілес Өзбекстан 6 реактор салуды жоспарлап отыр. Осындай келісімшарттарға Моңғолия мен Қырғызстан да қол қоюға ниетті. Ал Қытай елдегі атом электр станция санын 150-ге жеткізбек. 

БАУЫРЖАН ИБРАЕВ, NNWI CENTRAL ASIA KAZAKHSTAN КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Атомная генерация керек деп санаймын. Неге десеңіз, кеше Астананың түбінде тұрған ветростанциялардың біреуі де кешке жақын істемеді. Ешқандай электроқуат бермеді. Соған қарағанда күн, жел жоқ болса, біз қалай электроқуатсыз күн көреміз деген сұрақ қой. Сондықтан базовый ретінде негізгі генерация, атомная генерация болғанын қалаймын.

Сондай-ақ сарапшылар атом электр станциясының құрылысы өнеркәсіптің дамуына, кіші және орта бизнестің ілгерілеуіне зор ықпалын тигізетінін айтты. Елімізде АЭС салынған жағдайда 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ғылыми қауымдастық жұмысына серпін береді. 

СЕРГЕЙ АГАФОНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Атом энергиясын өндіру барлық салаға оң әсерін береді. Атом энергиясын өндіру бойынша алда тұрған АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция елдерін осыған мысал ретінде келтіруге болады.