$479.23 €534.96 ₽5.16
×

"Әбіш Кекілбайұлының мерейтойы –халықтың мерекесі, ұлттың тойы",-Қошанов

"Әбіш Кекілбайұлының мерейтойы –халықтың мерекесі, ұлттың тойы",-Қошанов

Ақтауда халық жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті. Жиынға Түркия, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елінің ғалымдары арнайы келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, заңғар жазушының мерейтойы ұлттың мерекесі екенін атап өтті. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әбіш Кекілбайұлы – төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтіп, жаңа деңгейге көтерген заңғар жазушы, классик қаламгер. тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, мемлекеттігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Ол жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, халқына қалтқысыз қызмет етті. Ұлт мүддесін және ел бірлігін қашанда бәрінен биік қойды. Әбіш Кекілбайұлының отаншылдығы, парасаттылығы, білімпаздығы мен еңбекқорлығы – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Қасым-Жомарт Тоқаев.