$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Көкшетаудағы дүңгіршектердің бірінен тышқанның самса жеп жүрген видеосы тарады

27.09.2024ж. 20:00
609
Көкшетаудағы дүңгіршектердің бірінен тышқанның самса жеп жүрген видеосы тарады

Тышқандар самса жеп жүр. Әлеуметтік желідегі бұл видео Көкшетаудағы дүңгіршектің бірінде түсірілген. Онда тышқанның самсаны аралап, емін-еркін жүгіріп жүргенін көруге болады. Қаланың автовокзал ауданында орналасқан дүңгіршектен енді адамдар тамақ алмаймыз деп шулап жатыр. 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Тексеру кезінде дүңгіршек жұмыс істемеді. Нысан басшысының айтуынша, оның қызметі ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінен бастап тоқтатылып, жақын арада дүңгіршекті бөлшектеу жоспарлануда. Бұдан басқа, объектінің басшысымен халықтың денсаулығын сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде көзделген санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.