Әлемнің 13 елінен келген қолөнершілер Әулиеата өңірінде бас қосты. Тараз еліміз бойынша қолөнерші қала атанған жалғыз шаһар. Осыған орай «Дәстүр және қазіргі заман» атты халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Дәстүр және қазіргі заман» атты халықаралық конференцияға колөнершілерді қолдау қорлары мен ұйымдарынан жалпы алғанда 200-ден астам адам қатысады. Атап айтқанда Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Швейцария, Болгария, Монғолия, Үндістан, еліміздің басқа өңірлерінен келген және жергілікті қолөнершілері бар.
СЕЙДАХАН БАҚТОРАЗОВ, ӨҢІР ТАРИХЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Өзінде бар үздік тірліктерді бірігіп, атқаруды жолға қою. Қолөнердің ұлттық үндестігі ол ешқашан өшпейді. Келешекке қазірден бастап, ұлттық дәстүрлерімізді паш ететіндей брендтерді өндіруге ықпал жасауымыз керек.
«Тараз – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық көрме осымен үшінші рет ұйымдастырылып жатыр. Қолөнершілер қалашығында шеберлер өз өнімдерін саудалап, тегін шеберлік сағаттарын өткізді. Тараз қолөнершілер қаласы тізіміне 56 болып қосылды. Онда әлемнің 25 елінен 65 қала енген.
СУХРАБ ШОДИЕВ, ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫ:
Мына ғылыми конференциядан көп нәрсені түсіндім. Түрлі мемлекет өкілдері өз елдеріндегі қолөнершілердің кезігетін проблемалары мен осы саланы дамыту жолындағы тақырыптар талқыға түсті. Әр ел өз ойындағы мәселелерін ашып айтты. Бұл жиыннан аларым көп болды. Қолөнершілер фестиваліне келер болсақ. Шара жоғыры деңгейде өтіп жатыр. Өзбекстан 20 ға жуық қолөнерші өз бұйымдарын көрмеге алып келді.
Екі мың жылдық тарихы бар көне шаһарға келген шетелдік туристер тарихи орындарды аралап, қаланың тыныс тіршілігімен танысты. Шара үш күнге жалғаспақ.