$479.23 €534.96 ₽5.16
×

"Үркер-2024" сыйлығының жеңімпаздары анықталды

27.09.2024ж. 20:00
154
"Үркер-2024" сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Астанада «Үркер-2024» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Байқауға баспа, радио, интернет саласының журналистері қатысты. Дәстүрлі додаға 400-ден аса өтінім келіп түскен. БАҚ өкілдері 12 номинация бойынша бақ сынады. Әр аталымның жеңімпазына естелік мүсінше мен 1 млн теңге ақшалай сыйақы табысталды. Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Время» газеті ұжымына арнайы сыйлық тарту етті. Ал "Заң" газеті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай белгіленген марапатты иеленді.