«Астанаэнергосбыт» ЖШС жылумен қамтуға нақты қосылған күннен бастап есептеу жүргізеді, - деп жазды KAZINFORM.
24 қыркүйектен бастап Астанадағы тұрғын үйлерді жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосу басталды, ол бірнеше күн ішінде жүзеге асады.
Компанияның хабарлауынша, есептеу екі түрде болуы мүмкін – үйдегі есептеу құрылғылары бар және олар жоқ жағдайда:
- үйде есепке алу құрылғылары болса, олардың көрсеткіштері бойынша пәтердің ауданына пропорционалды және жылумен жабдықтау қосылған күннен бастап жүргізіледі. Бұл жағдайда тариф 3 557,60 теңге/Гкал құрайды (ҚҚС қоса алғанда);
- тұрғын үйлерде есепке алу ұүрылғылары немесе уақытша жұмыс істемейтін есепке алу құрылғылары болмаған жағдайда – есептеу Астана қаласының тұрғын үй қорын жылытуға арналған сыртқы ауаның нақты температурасына және нақты қосылған күн үшін түзетілген тұтыну нормалары негізінде жүргізіледі. Есептеу аспаптары жоқ үйлер үшін тариф 4 279,64 теңге/Гкал (ҚҚС қоса алғанда).
Коммуналдық жылу энергиясын есепке алу құрылғыларын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты тұрғын үй-жайлардың, барак типті үйлердің тұрғындары үшін тариф – 3 566,37 теңге/Гкал (ҚҚС қоса алғанда).
Еске сала кетсек, Астанадағы әлеуметтік нысандар 23 қыркүйекте жылу жүйесіне қосыла бастады.