$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Гарри Поттерде» ойнаған Мэгги Смит 89 жасында өмірден өтті

AstanaTV
28.09.2024ж. 14:20
318
«Гарри Поттерде» ойнаған Мэгги Смит 89 жасында өмірден өтті

«Гарри Поттер» фильмінде профессор МакГонагалл рөлін сомдаған британ актрисасы Мэгги Смит 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері хабарлады. 

Маргарет Натали Смит көпшілікке Мэгги Смит есімімен танымал. Ол 1934 жылы 28 желтоқсанда Ұлыбританияның Эссекс аймағында Илфорд қаласында дүниеге келген. 

Оксфорд университетінде білім алған. Сахнаға алғаш рет осы оқу ордасының қабырғасында шықты. 

1952 жылдан бастап кәсіби театрда ойнаған.

Ал кинода көбінде қатал мінезді адамдардың рөлін сомдады. Соның бірі — «Гарри Поттер» франшизасындағы профессор Минерва Макгонагал.

2007 жылы Смит сүт безі қатерлі ісігіне шалдықты, бұл «Гарри Поттердің» алтыншы бөлімін түсіру кезінде белгілі болды.

Ауыр сырқатына қарамастан актриса түсірілімін үзген жоқ.

Мэгги Смит — екі мәрте «Оскар», жеті мәрте BAFTA, сондай-ақ «Алтын глобус» сыйлығының үш дүркін иегері. 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.