$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада газ баллоны жарылып, дәмхана түгі қалмай опырылып қалды

AstanaTV
28.09.2024ж. 17:50
353
Астанада газ баллоны жарылып, дәмхана түгі қалмай опырылып қалды

Астанада дәмханада газ баллоны жарылды, зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай Алматы ауданындағы Ақыртас көшесінің бойында болған. 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ баллоны жарылып, салдарынан опырылып, ғимарат жанып кеткен.

"Шамамен 60 шаршы метр аумақта ғимарат опырылды, өрт алаңы – 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді", – деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын тұрмыстық 4 газ баллонды шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзып жатыр.