$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

AstanaTV
28.09.2024ж. 19:30
359
Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері арнайы бағдарлама көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар, шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus көлігін анықтады. "Қорғау" жүйесі арқылы анықталған азамат жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған.

Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңге болады.

Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жолдардағы жауапсыздық көбіне қайғылы оқиғаларға әкеп соғады. Жүргізушілер бұл туралы ойлануы керек. Көлік жүргізушілері жазадан құтыламыз деп үміттенеді, бірақ олай емес. Полиция қызметкерлері мұндай жүргізушілерді тауып, жауапкершілікке тартады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы ережелері бұзылғанын тіркейтін камералар орнатылған. Жыл басынан бері камералардың көмегімен жылдамдық режимін асырудың 77 мыңнан аса дерегі тіркелді.