Қытайдың ең жаңа үлгідегі ядролық шабуылдаушы сүңгуір қайығы осы көктемде суға батып кеткен, ал Қытай әскери-теңіз күштері бұл жаңалықты жасыруға тырысқан.
CNN АҚШ қорғаныс министрлігінің екі шенеунігіне сілтеме жасап, Ухань қаласында салынған ядролық сүңгуір қайық Қытайдың «Чжоу» класындағы жаңа сүңгуір қайықтар сериясының біріншісі екенін айтты.
Ағымдағы жылдың 10 наурызында түсірген спутниктік суреттер атомдық суасты қайықтарының кеме жасау зауытының пирс маңында тұрғанын көрсетті. Дегенмен, маусым айында түсірілген спутниктік суреттер сүңгуір қайықтың кенеттен жоғалып кеткенін және жақын жерде құтқару жұмыстарын жүргізетін көптеген үлкен крандар пайда болғанын көрсетті.
Сондықтан АҚШ сүңгуір қайық белгісіз себептермен апатқа ұшырап, суға батып кетті деген болжам жасады.
Сонымен бірге, АҚШ Қытай Әскери-теңіз күштері пирс маңында атомдық сүңгуір қайықтың батып кеткенін жасыруға тырысады деп есептейді. АҚШ Қытайдың мұндай ақпаратты жасыруын қалыпты жағдай деп санайды.
CNN хабарлағандай, Қытайдың Вашингтондағы елшілігінің өкілі бұл туралы хабардар емес және тексеру үшін ақпарат бере алмайтынын айтты.
Бұл туралы Қазақпарат жазады.