$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Түрікменстан президенті Ердоғанның ұлына алабайдың екі күшігін сыйлады

AstanaTV
29.09.2024ж. 12:56
88
Түрікменстан президенті Ердоғанның ұлына алабайдың екі күшігін сыйлады

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен халық мәслахатының төрағасы Мәслахаты Гурбангулы Бердімұхамедов Тәуелсіздік күні қарсаңында Ашхабадқа келген шетелдік қонақтарды жеке қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Хроники Туркменистана басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстандағы спорттың дамуын Түркия президентінің ұлы, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының төрағасы Билал Ердоғанмен талқылады.

Мерекелік сыйлық ретінде Бердімұхамедов оған алабайдың екі күшігін сыйлады. Қонаққа Аркадак қаласы да көрсетілді.

Бердімұхамедов Билал Ердоғанмен «спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруды» талқылады. Түрікмен ұлттық спорт ойындары орталығы мүшесі болып саналатын Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы халық ойындарын жандандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқаны атап өтілді.