$479.23 €534.96 ₽5.16
×

«Келеңсіз жағдайлар туып, сүрінесің»: Бишімбаев ісі бойынша болған прокурор жұмысы туралы айтты

AstanaTV
29.09.2024ж. 20:37
58
«Келеңсіз жағдайлар туып, сүрінесің»: Бишімбаев ісі бойынша болған прокурор жұмысы туралы айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша прокурор болған Айжан Аймағанова Instagram парақшасында әйел адам үшін осы салада кездесетін қиындықтары туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде үнемі жүгіріп жүретіні туралы айтты.

«Бір көп қойылатын сұрақ: әйел адамдардың осы салада істей алуы қиынға соқпай ма? Иә, әрине, қиын, бірақ шешілетін жағдай. Прокурор болу - ол жәй ғана қызмет ету емес - ол тәулік бойы байланыста болу, өміріңнің бөлшегін осы қызметке арнау, мінез (сабырлық, тыңдай білу, сезіну қабілет), қандай да бір шешімге дайын болу.
Әйел адам өмірінде көп нәрсені істей алады, егерде оған ынтасы болса, өзін-өзі қайраса. Мен өз өміріме қарасам - жүгіру екен, жақсы көретін жұмысымнан жақсы көретін отбасыма.
Әртүрлі жағдай болды: бірде жолың болады, бірде келеңсіз жағдайлар туып, сүрінесің де, ең бастысы осының бәрін жеңіп шығу. Бәрі де орнына түседі, бәрі де ойдағыдай болады, ең бастысы - шыдамдық керек, әйелдің қолынан бәрі келеді деп ойлаймын», - деп жазды Айжан Аймағанова.