$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Бұқтырма су қоймасында 4 балықшы құтқарылды

AstanaTV
30.09.2024ж. 09:11
60
Бұқтырма су қоймасында 4 балықшы құтқарылды

ШҚО құтқарушылары жағалаудан алыс кетіп қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, Бұқтырма су қоймасының «Қаракөл» шығанағында 4 балықшы құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Белгілі болғандай, қозғалтқыштың ақаулығына байланысты олар жағаға жете алмаған.

ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға аман-есен жеткізді. Балықшылар медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген ведомство хабарласында.

ТЖМ судағы қауіпсіздік сақтау үшін бірнеше кеңес ұсынады:

Қайықта құтқару күртешесін кию;

Қатты жел кезінде суға шықпау;

Сапар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеру қажет.