$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Айыппұл төледім деп жалған анықтама апарған адам 10 жылға сотталды

AstanaTV
30.09.2024ж. 12:31
321
Айыппұл төледім деп жалған анықтама апарған адам 10 жылға сотталды

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп бітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, осы іс аясында пара беріп отырған адамға сот 2018 жылы 672 млн теңге айыппұл төлесін деген жаза бекіткен. Алайда ол уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған.

«Қалалық прокуратура бұл қылмыстық деректі дер кезінде анықтап, сотталғанның жазасы айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Тергеп-тексеру барысында бұл адамның айыппұлдан жалтаруына көмектескен тағы бір тұлға анықталды», - деп хабарлайды прокуратура.

Үкім заңды күшіне енген.