Атырау облысында кәмелетке толмай жүкті болу дерегі көбейіп тұр. Тек былтырмен салыстырғанда 20 жағдайға артық. Мамандар ерте жастан жүктіліктің 85 пайызы түсікпен аяқталатын айтады. Бесіктен белі шықпай жатып, бесік тербетуге неге асық? Жасөспірімге қиянат жасағандар неге жазадан сытылып кетеді? Тілшіміз айтады.
Атырау облысында биыл 65 жасөспірім жүкті боп қалған. Былтыр ерте жүктіліктің 48 жағдайы тіркелген. Көпшілігі - 15 пен 17 жас аралығындағы қыздар. Мамандар 12,13 жасында да ересектік өмірге қадам басатын жағдайларды да жоққа шығармайды. Дегенмен мұндай жүктілік ананың да, баланың өміріне де қауіпті,- дейді.
АЛМИРА САБЫРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жүктілікті бәрі бірдей баланы босанумен аяқталып жатпайды. Себебі 70 пайызға дейін жасанды түсікпен аяқталуы мүмкін. 15 пайызға дейін табиғи түсік болады. Ал 15 пайыздайы босану мен аяқталу жағдайы болып жатады. жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу үшін біріншіден отабсындағы тәрбиеге байланысты, балаәрпйым ата ананың көзінен таса болмауы керек.
Гүлфариза Ғұбашева өзі еңбек еткен он жыл ішінде мектепте оқып жүріп жүкті боп қалған 3 жасөспірімнің Аналар үйін паналағанынын айтады. Олардың біреуі балалар үйінің түлегі, екеуі – туыстарының қамқорында болған қыздар. Бір қызығы, соңғы екі жағдайда да бесіктен белі шықпаған қыздарды жүкті қылған жігіттерге туыстары кешірім беріп, істі жылы жапқан.
ГҮЛФАРИЗА ҒҰБАШЕВА, «АНА ҮЙІ» РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Мен барып прокуратураға, осы жерден қаладан көтердім. ДП барып көтерттірген уақытта бұл іс жабылған екен. Қорғаншы өзінің екі жақты келісімінің нәтижесінде бұл іс жабылған. Енді бұл іс жабылғанмен де шынында қыз кәмелет жасына толмаған. Ол өзінің басын өзі қорғай алмайды. Олар ешқандай жауапкершіліксіз, жазасыз қалды. Ешқандай алимент. Оның тек қана а алимент өндіруге де, жазалауға да тек қана заңды өкілі жүре алады.
16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу дерегімен былтыр 4, ал биыл 7 қылмыстық іс қозғалған. Жеті жағдайда да полицияға жасөспірімнің ата-ана, туыстары емес, медицина қызметкерлері хабарлапты.
АЙНҰР МАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Бұл қыздардың жүктілігі тұрғылықты жері бойынша әйелдер консультациясының есебіне тұруға барған кезде медицина қызметкерлерінің полицияға хабарлауы арқылы анықтағлан олатын. Олардың бесеуі тұрмыс құрғандар. Қазіргі уақытта 5 іс айыптау актісімен сотқа жолданса, 2 іс тергелуде.
Қаралатын істердің көпшілігі екі жақтың келісімімен, жастардың үйленуімен аяқталады,- дейді мамандар.