$481.19 €538.45 ₽5.18
×

Интернетте балаларды суицидке итермелейтін 43 топ анықталды

30.09.2024ж. 20:00
186
Интернетте балаларды суицидке итермелейтін 43 топ анықталды

Интернетте балаларды суицидке итермелейтін 43 топ анықталды. Енді оларды бұғаттау үшін уәкілетті орган жұмыс істейді. Соңғы күндері желіде қауіпті ойындар туралы ақпарат таратады. Ішкі істер министрлігі халық дүрліккеннен кейін арнайы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде ешқандай ойыннан баланы өлімге итермелейтін элементтер табылмапты. Бірақ ата-анаға қарсы шық, үйден қашып кет деп жол сілтейді екен. Бұл бүлдіршіннің психикасына кері әсерін тигізеді. Суицидке барған жасөспірімдердің көбі өзіне-өзі мас күйінде қол жұмсаған. Олар шамамен 15-17 жаста.

ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Құрметті ата-аналар! Балалардың мінез-құлқы мен эмоцияналдық жағдайын қатаң бақылауда ұстауларыңызды сұраймыз. Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар. Баланың көңіл-күйіндегі, мінез-құлқындағы, әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аудару қажет.