$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе әкімдігі 60 гаражды бұзып, жол салмақ

30.09.2024ж. 20:00
307
Ақтөбе әкімдігі 60 гаражды бұзып, жол салмақ

Ақтөбеде гараж иелері шу шығарды. Әкімдік «Авиатор-3» гараж кооперативінен 60 гаражды бұзып тастап, жол салмақшы. Алайда, тұрғындар бұған қарсы. Олар қандай өтемақы төлесе де келіспейміз деп отыр. Неге? Тілшіміз тарқатып айтады. 

Бұл жерде мыңға жуық гараж бар. 80 –жылдары салынған. Содан бері халық игілігіне жарап келеді. Жұрт көлігін қояды, қысқы азық-түлігін сақтайды, басқа да қажетіне пайдаланып отыр. Жуырда әкімдіктен алпыс гараждың иесіне «нысанды бұзамыз» деген хабарлама келіпті.

РҮСТЕМ ХАМЗИН, «АВИАТОР-3» ГАРАЖ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы кооператив ішінен жол саламыз деген земельныйдан уведомление жазып, әкімнің қаулысымен халыққа таратқан. 60 гараж жолға түсіп тұр деп. Енді бұл жерде коопертив, бұл юр лицо заңды тұлға мына жерде. Енді осы кооперативті бөліп екіге бөліп жол саламыз деген ешқандай неге сыймайды. Ол жол кім үшін, не үшін керек?

ҰЛДАЙ ЕЛЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы коллективте менің гаражым бар еді. Дачам бар еді. Бүкіл дачаның картоп, марковь, соленье, варенье осында сақтайтын едім. Енді осы гаражды алып кетемін дейді. Не істерімді білмей жүрмін.

Қаланың бас жоспары бойынша бұл жерге жол салынуы тиіс. Әкімдік сол үшін 60 гараждың орнын сатып алмақ. Гараж иелеріне басқа жерден жер телімі немесе бір, бір жарым млн теңге теңге өтемақы ұсынылған.

ЖАНБЕК ҚАБЫЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Мемлекет мұқтажы үшін ортақ қолданыстағы автомобиль жолы үшін жерлер қайтаруға жатады деп ескерту берілді. Бұл үш ай мерзімде келісімге келмеген жағдайда жаңағы нарық бағасымен келіспеген жағдайда сот арқылы шешіледі.Мәжбүрлі түрде ол жерді алып кету жоспарда жоқ, ол заңсыз да.

Сондай-ақ әкімдіктегілер халық келіспеген жағдайда бас жоспарға өзгеріс енгізіп, бұл жолды гараж кооперативтерін айналып өтетіндей етіп салу мәселесін де қарастырмақ.