$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады

AstanaTV
30.09.2024ж. 17:46
61
Қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

"Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметінің хабарламасында.