$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Теміртауда ер адам 82 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен

AstanaTV
01.10.2024ж. 09:33
235
Теміртауда ер адам 82 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен

Ол күдіктінің анасымен таныс болған

Теміртауда 82 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті. Шабуыл жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Теміртауда егде жастағы тұрғынға өз пәтерінде шабуыл жасалды. Болжам бойынша, жәбірленуші 39 жастағы қаскүнемді үйіне өзі кіргізген. Ол күдіктінің анасымен таныс болған. Ол үйге сылтауратып кіріп, әйелге дене жарақатын салып, зергерлік бұйымдар мен ұялы телефонды ұрлап, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Зардап шегуші медициналық мекемеге көмек сұрап жүгінген. Шабуыл туралы ақпарат полицияға берілді. Нәтижесінде күдікті ұсталғаны айтылды.

"Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оның қылмысқа қатысы барын растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.