Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан автобусты сөндірді.
«Бүгін Оралда Г.Потанин көшесі бойында автобустың жануы орын алып, жоғары температуралық әсерден жақын тұрған жеңіл автомобиль зақымданған.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Өрттің салдарынан 1977 жылы туған жүргізуші жеңіл күйік алып, жедел жәрдем бригадасына табысталды», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өрттің алдын-ала себебі — техникалық ақаулық.
ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне келесі шарттарды орындау қажет екенін еске салады:
техникалық байқаудан уақытында өткізу;
электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;
қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;
көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;
жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.